Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) қарсыласы анықталды деп жазады ҚазАқпарат.
Қанат алдағы жекпе-жегін 26 мамырда Флоридада өткізеді. Қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болмақ. Ол кәсіпқой бокста 31 жекпе-жек өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен (12 КО) және сегізінде жеңіліске ұшыраған. Боксшылар WBO NABA және WBA intercontinental титулдарын сарапқа салады.
Еске салайық, қазақ боксшысы соңғы жекпе-жегін биыл ақпан айында АҚШ-та өткізген болатын. Бразилиялық Робсон Асиспен жұдырықтасқан Қанат оны бірінші раундта ұрып құлатты.