$ 447.4  477.55  4.76

Қызылордалық оқушы қыз шахматтан әлем чемпионы атанды

Қызылордалық оқушы қыз Әсел Серікбай Румынияның Яссы қаласында шахматтан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды деп хабарлайды Қазақстанның шахмат федерациясы.

Қызылордалық тағы бір жасөспірім Назерке Нұрғали да осы жарыстан жүлдемен оралды. 13 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы сайыста Назерке күміс жүлдені еншілеген.

"Әрине, мен әлем біріншілігіндегі өз нәтижеме қуаныштымын. Бұған дейін 9 жасар балалар арасында мен әлем чемпионы атанып қойғам. Енді араға 7 жыл уақыт салып мен сол жетістігімді қайталап отырмын, бірақ үлкендер арасында. Бұл жердегі шахматшылардың деңгейді де өте жоғары. Осындай нәтижеге қол жеткізуіме себепкер болған бапкерлерім Василий Шимелков пен Риза Қошқароваға және Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев ағаларыма алғысым шексіз", - дейді Әсел Серікбай.

Әселді алда тағы әлем чемпионаты күтіп тұр. Қыркүйекте ол Уругвайға жол тартады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары