Оралда облыстық мәслихаттың депутаты мұз айдынында төбелес шығарды. Хоккей ойнап жүрген Аркадий Рубцов қарсылас команда ойыншысымен соқтығысып қалған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.
Екеуара кикілжің соңы жаппай төбелеске ұласады. Әлеуметтік желі арқылы тез таралған бұл төбелес жергілікті «Орал» мен Орынборлық «Буревестник» команадасы арасындағы жолдастық кездесуде болған екен. Бұл матчта қонақтар жеңіліп қалыпты. Ал айдындағы жағдайды депутат ойын барысындағы түсініспеушілік деп ақталды.
Аркадий Рубцов, БҚО мәслихат депутаты:
-Ойын біткесін бір-біріміздің қолымызды алып, арқамыздан қақтық. Мұндай жағдай кез-келген хоккей ойынында болады. Сондықтан ешкімге ренішіміз жоқ.