12.05.2017, 12:53

Талдықорғанда мәдениет қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Талдықорғанда биыл бесінші жыл қатарынан мәдениет қызметкерлері арасында спартакиада өз жалауын көтерді. Спорттық жарыстарған Алматы облысының 16 ауданынан келген мамандар қатықан. Сайыстар спорттың 7 түрінен өтті.

Мәдениет саласының қызметкерлері футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ,  шахмат, гір тасын көтеру және қашықтыққа жүгіру сынды спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтап көрді. Жарысты Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырып отыр.

Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы А. Әбдуәлиевтің айтуынша, мұндай жарыстардың мақсаты мәдениет саласы мамандарын жарыстырып, олардың арасынан мықтыларын іріктеп алу емес, бастысы – сала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып,  алыс-жақын аудан қызметкерлерін бір-бірімен жақындастыру.

Шара соңында үздік деп танылған мамандар ақшалай сыйлықтармен марапатталып, ауыспалы кубоктарға ие болды.