Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңарған рейтингінде 74 орын жоғарылады. Осыған дейін ол 207-орында болса, қазір 133-ке көтерілген деп жазады Vesti.kz.
Зарина Диястың 74 орын алға жоғарылауы жайдан-жай емес. Отандасымыз кеше жүлде қоры 100 000 доллар саналатын Манчестердегі (Ұлыбритания) халықаралық турнирде жеңімпаз атанған болатын. Финалда ол серб теннисшісі Александр Круничті екі сетте де 6:4, 6:4 есебімен жеңді.Жаңарған рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 42-орыннан 44-ке түскен. Ал Ярослава Шведова 47-ден 48-орынға сырғыған.