20.06.2017, 11:21

Нью-Йорктің үздік полицейі атанған Димаш Ниязов Астанада жекпе-жек өткізеді

АҚШ-та ең мықты полицей атнған Шымкент тумасы Димаш Ниязов кәсіпқой бокспен де айналысады. Әзірге жеңіліп көрмеген Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) Астанада жекпе-жек өткізеді. Ниязов халықаралық ЕХРО көрмесі аясында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады деп жазады tengrinews.kz.

Бокс кеші 9 қыркүйекке белгіленді. Кештің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (24-0, 19 КО) жұдырықтасады. 

"Бокспен ең алғаш Қазақстанда айналыса бастадым. Бапкерім Нұрғали Сафиуллин болатын. Қазір ол олимпиада құрамасын джаттықтырады. Міне, сол негіз бокс әлеміне жетеледі. Жеңістерімнің барлығын қазақстандық мектеппен және қанда бар қасиетімізбен байланыстырамын", - дейді ол. 

Димаш Ниязов АҚШ-та тұрып жатыр, дегенмен, ол туған жерімен байланысын үзбеген. 

"Астанадағы кездесу қыркүйекте өтеді. Қанат Исламның андеркартында мен де жұдырықтасамын. Өте қуаныштымын. Қазір Астана қатты өзгерген. Халықаралық ЕХРО көрмесі өтіп жатыр. Мен де халқыма қуаныш сыйлағым келеді", - дейді Ниязов. 

Айта кетейік, Димаш Ниязов Нью-Йоркте бірнеше рет қауіпті қылмыскерлердітұтқындап, ең мықты полицей атанған болатын.