$ 448.15  483.46  4.86

Астанада ғимараттың төбесіне шығудан жарыс өтті (ФОТО)

Астана тұрғындары қаладағы биік ғимараттардың бірі болып саналатын Highvill Skyrunning тұрғынүй кешенінің шатырына дейін баспалдақпен жүгіріп шығып жарысты.

Ғимарат 34 қабаттан тұрады. Ең жоғарғы қабатына жаяу шығу үшін 700 баспалдақты жүріп өту керек. Қатысушыларға қойылатын талап біреу ғана – олардың жас ерекшелігі 18-50 аралығында болуы тиіс. Сондай-ақ, дәрігерлерден «дені сау» деген анықтама керек.

Жарысқа барлығы 200-ден аса адам қатысты, олар еліміздің әр аймағынан келген. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Петропавл, Ақтөбе және Шымкент тұрғындары жарыстың бас жүлдесін өзара сарапқа салды. Олар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлініп жүгірді: 18-30, 31-40 және 41-50 жас аралығындағы қатысушылар болып.

Айта кету керек, АҚШ пен Еуропада жиі өткізілетін мұндай жарыстар елімізде көп ұйымдастырыла бермейді. Сондықтан, кешегі іс-шарада дәрігерлердің қарасы көп болды. Ғимараттың әрбір 5 қабаты сайын медициналық қызметкерлер кезекшілікке қойылған. Сонымен қатар, білікті бапкерлер де қатысушыларға баспалдақпен жоғары шығудың оңай жолдарын үйретіп жатты.

Жарыс жеңімпаздары:

Ерлер арасында:

18-30 жас:

1-орын: Арман Ғалымов (3:39 мин)

2-орын: Әлімжан Балтабек (3:41)

3-орын: Бибол Серіков (3:52)

31-40 жас:

1-орын: Абай Ғалымов (3:28)

2-орын: Азамат Қарасартов (3:41)

3-орын: Жанболат Тілеубердинов (3:42)

41-50 жас:

1-орын: Жақсыбай Есжанов (4:16)

2-орын: Вадим Шулинов (4:24)

3-орын: Марат Фаррахов (4:45)

Әйелдер арасында:

18-30 жас:

1-орын: Анастасия Гауф (5:08)

2-орын: Айгерім Әбілқадырова (5:13)

3-орын: Паулина Лейман (5:23)

31-40 жас:

1-орын: Елена Пономарева (5:38)

2-орын: Сания Айтжанова (5:42)

3-орын: Аида Гарипова (6:38)

41-50 жас:

1-орын: Раяна Амангелді (5:05)

2-орын: Саида Орналдина (7:21)

Жарыс жеңімпаздары 100 мың теңге ақшалай және заттай сыйлық,  екінші орын иелері 70 мың теңге, үшінші орын алғандар 50 мың теңге ақшалай жүлдеге ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары