Қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) әлемндегі ең үздік боксшылары тізімінде екінші орынға түсіп қалды деп жазады Vesti.kz.
Жерлесімізді бірінші орыннан даңқты украин боксшысы, екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO чемпионы Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) ығыстырған. Ол өткен аптада кубалық боксшы Гильермо Ригондоны жеңген болатын.
ESPN нұсқасы бойынша P4P рейтингіндегі алғашқы ондықтың тізімі мынадай:
1. Василий Ломаченко (10-1, 8 КО)
2. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)
3. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)
4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)
5. Кит Турман (28-0, 22 КО)
6. Эррол Спенс (22-0, 19 КО)
7. Майки Гарсия (37-0, 30 КО)
8. Сергей Ковалев (31-2-1, 27 КО)
9. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО)
10.Деонтей Уайлдер (39-0, 38 КО)