$ 439.43  473.31  4.82

Фируза Шарипованың жекпе-жегін әлемнің 50-ден астам елінде көрсетеді

30 желтоқсан күні Алматыдағы Almaty Arena мұз сарайында қазақстандық кәсәпқой боксшы Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегі өтетіні белгілі. Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ қызы бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен IBO және WBC Silver чемпиондық белбеулерін сарапқа салады.

Фируза Шарипова қарсыласын жеңген жағдайда екі бірдей салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанбақ. Әзірге қазақстандық боксшылардың арасында мұндай нәтижеге қол жеткізгендері жоқ.

FSK Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отырған аталған бокс кеші екі кезеңнен тұрады. Алғашқы бөлігінде кәсіпқой боксты жаңадан бастаған жас боксшылар өнер көрсетсе, екінші бөлігінде Ержан Залилов, Әли Ахмедов, Айдын Елжанов, Виктор Котчигов секілді танымал қазақстандық боксшылар өз бақтарын сынап көрмек.

Ұйымдастырушылар бокс кешінің көркін қыздыра түсу үшін жанкүйерлер арасында су жаңа автокөлік ұтысын өткізеді. Лотореядан жеңімпаз атанған көрерменге Renault Logan автокөлігі сыйға тартылады.

Ал, бокс кешін тікелей эфирден қазақстандық «Хабар» телеарнасы, сонымен қатар, ресейлік «Матч ТВ», «Матч Боец», LIFE телеарналары, халықаралық FOX Sports телеарнасы көрсетеді. Жалпы алғанда, Фируза Шарипованың жекпе-жегі әлемнің 50-ден астам елінде трансляцияланбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары