15.01.2018, 05:12

«Ливерпуль» бапкері тікелей эфирде балағат сөз айтып, журналистерді күлдірді (ВИДЕО)

«Ливерпуль» футбол клубының бас бапкері Юрген Клопп кеше «Манчестер Ситимен» болған тартысты ойыннан кейін америкалық NBC телеарнасына сұхбат беріп, өзінің балағат сөздерімен журналистерді күлкіге қарық қылды. Аталған видео Twitter әлеуметтік желісіндегі Zecharias Mengis парақшасында жарияланған.

Еске салайық, аталған матч Ағылшын премьер-лигасының 23-туры аясында өтіп, «Ливерпуль» манчестерлік қарсыластарын 4:3 есебімен жеңген болатын.

«Бапкер ретінде мен айтайын, біз жеңуіміз керек болды, жеңдік. Ал, ойынды жанкүйер ретінде қарайтын болсаңыз, "what the fuck was that?" дер едіңіз», — деді Клопп америкалық арнаның тікелей эфирінде.

Журналистер алдымен күліп, кейін көрермендерден кешірім сұрады. Осы сәтте неміс маманы өзінің артық кеткенін түсініп: «Мен бұл сөздерді Америкада балағат емес деп ойлаушы едім. Англияда олай айтуға болмайды, әрине», - деп жуып-шайды.