15.01.2018, 12:53

Суретке түсуге жанталасқан қазақтар Геннадий Головкинді ренжітті (ВИДЕО)

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, төрт бірдей чемпиондық белбеудің иесі отандасымыз Геннадий Головкин суретке түсу үшін өзін алқымнан алған қазақтарға ренжіп қалды.

Бір фото үшін жанталасқан ондаған адам Головкиннің сөзін тыңдамастан, оның жанына келіп суретке түсіп жатқан. Боксшы болса жанкүйерлерін әр адаммен бір-бірлеп емес, жалпылама бір суретке түсуге шақырды. Бірақ, әлем чемпионын тыңдайтын құлақ болған жоқ, қазақтар Головкиннің алқымынан алуды тоқтатпады. Бұған ренжіген боксшы жанкүйерлерін тастап кетіп қалды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA, IBF, WBC, IBO чемпиондық белбеулерінің иесі. 2017 жылы атақты The Ring журналының сарапшылары оны әлемнің ең мықты боксшысы деп таныды.