$ 441.58  480  4.86

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» клубына қайта оралуы мүмкін

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду клубтан кеткісі келетінін мәлімдеді. Ол өзінің алданып қалғанын айтып отыр деп жазады AS.

Португалдық футболшының «Реал» президенті Флорентина Переске өкпесі қара қазандай. Айтуынша, Перес бұған дейін уәде бергендей, ең ерекше келісімшартты Роналдуға ұсынбапты. Оның үстіне, 2017 жылдың жазында клуб басшылары «Монакодан» 18 жастағы шабуылшы Килиан Мбаппені сатып алуға әрекет жасаған болатын. Бұл жайт та Роналдудың көңіліне тиген көрінеді.

Енді даңқты футболшы өзінің бұрын ойнаған «Манчестер Юнайтед» клубына қайта оралғысы келетінін мәлімдеп отыр. Алайда, ағылшын командасы жасы 32-ден асқан Криштиануға ұсыныс айтуға асығар емес.

Айта кетейік, 10 қаңтар күні «Реал» футболшылары жаппай Роналдуға қарсылық танытқан болатын. Олар португалдық футболшының менменшілдігінен шаршағандарын айтқан. Командаласын сынаған ойыншылар қатарында Иско, Серхио Рамос, Маркос Асенсио, Дани Себальос және Лукас Васкес бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары