Australian Open турнирінің екінші айналымында аргентиналық Леонардо Майермен кездескен әлемнің бірінші ракеткасы испандық Рафаэль Надаль допты қайтарамын деп оны көмекші қыздың басына тигізді.
Испан теннисшісі алдымен күлгенімен, артынша кішкентай қыздан кешірім сұрап, оның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізді. Доп тасушы қыз болса әйгілі теннисшінің өзіне назар аударғанына мәз болып, жұмысын әрі қарай атқаруға кірісіп кетті.
Ал, матч Надальдың жеңісімен аяқталды, есеп: 6:3, 6:4, 7:6 (4). Келесі айналымда ол босниялық Дамир Джумхурмен кездеседі.