$ 441.58  480  4.86

Әділбек Жақсыбековке тағы бір жаңа қызмет бұйырды

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының 16-шы кезектен тыс конференциясы өтіп, онда Әділбек Жақсыбеков аталған ұйымның президенті болып сайланды. Айта кетейік, бұған дейін ҚФФ-ны Сейілда Байшақов басқарып келген болатын. Қаңтар айында ол өз еркімен отставкаға кетті.

Бүгінгі жиында Байшақовқа "Қазақстан футболының құрметті қайраткері" деген атақ берілді.

"Мен үшін бұл үлкен мәртебе және үлкен сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын. Бірақ, мен 10 қаңтар күні отставкаға кетемін деп шештім. Атқару комитетінің мүшелеріне менің осы отставкамды қабылдағанына да рахмет дегім келеді", - деді Байшақов.

Айта кетейік, 18 қаңтар күні аймақтық футбол федерациялары ҚФФ президенттігіне Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасын ұсынған болатын. Ол аталған ұйымды 2007-2014 жылдар аралығында да басқарған. 63 жастағы саясаткер сондай-ақ, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының да президенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары