Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында допинг-сынақтан өте алмады деп жазады Vesti.kz.
Бұл мәліметті Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы растады. Компания бұл туралы БАҚ-тарға ресми мәлімдеме жасаған. Мәтін BoxingScene басылымында жарияланды.Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың салмағын өсіруге арналған.Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады, дәл осындай жолмен соңғы кездері ондаған спортшының ағзасына кленбутерол еніп кеткен. Мұны Солт-Лейк-Ситидегі SMRTL зертханасының директоры Дэниэль Айкнер де растап отыр.Альварес допинг-сынақтан өте алмағаны жайлы промоутер Том Леффлерге және Невада штатының Атлеттер комиссиясына хабарлаған, себебі бұл ұйым Лас-Вегастағы жекпе-жекті ұйымдастыруға жауапты.Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің соңғы 12 жекпе-жегі бойы VADA допинн-сынамасынан өтуді міндет сағананы және ешқашан ереже бұзу бойынша күдікке ілінбегені айтылады. Алдағы уақытта ол жаттығу лагерін Мексикадан АҚШ-қа ауыстырып, жекпе-жекке дейін де, кейін де қажетті допинг-сынама тапсыруға дайын екен.