10.06.2015, 18:00

Қазақстан-түркия матчының есебін дәл болжаған жанкүйерге сыйлық бар

Арда Туранның 10-шы нөмірлі жейдесі әлемнің үздік футболшысы Лионель Мессиде бар. Сіздер де Арданың формасына қол жеткізе аласыздар.

Ол үшін 12-ші маусым күні Еуро-2016 іріктеу аясында өтетін Қазақстан мен Түркия құрамалары арасындағы матчтың есебін дәл тапсаңыз болғаны. Болжамдарыңызды 12 маусым, сағат 21-00-ге дейін, rauan.football@mail.ru электронды поштасына жібере аласыздар.

Ұтысқа Арда Туранның «Атлетико Мадрид» командасының жейдесі тігіледі. Оны сіздерге ұсынатын Wembleyфутбол дүкені.