14.06.2015, 18:00

Жерлесіміз ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

www.prosportkz.kz

Қазақстандық Надежда Ногай Польшада ауыр атлетикадан жастар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Sports.kz сайты таратқан мәліметке қарағанда, Надежда 75 келіден астам салмақта қоссайыс қорытындысында 275 келіні көтерді. Тайландтық Дуанганксор Чаиди (259 кг) екінші, тунис қызы Йосра Диб (251 кг) үшінші орынды иеленді.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Надежда Ногайдың екінші орын алған қарсыласынан 16 келіні артық көтергенін атап өтті. Бұл оның мүмкіндігінің шегі емес. Осылайша, ауыр атлеттер арасында болашағынан үлкен үміт күттіретін жастар өсіп келеді.