14.06.2015, 18:00

Головкиннің келесі жекпе-жегі кейінге шегеріледі

www.cyberboxingzone.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазіргі таңда қазақстандық боксшыға қарсыластың іздестіріліп жатқанын және кездесудің бастапқы жоспардан сәл кешірек өтетін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз Головкин үшін максималды түрде мүмкін болатын қарсыласты іздеп жатырмыз. Бастапқы жоспар қыркүйекте рингке оралу болатын. Үлкен бой өткізу біраз уақытты алуы мүмкін және бұл біздің қазіргі мақсатымыз", - деді ол.

Оның айтуынша, кездесу әйтеуір күзде өтеді.

"Ол күзде болады. Мүмкін қыркүйек, қазан немесе қараша. Әйтеуір осы үшеуінің біреуі, үздік бойды ұйымдастыру үшін біз қазір бәріміз қарсылас пен кездесуді өткізетін жерді іздеп жатырмыз", - деп келтірді Леффлердің сөзін esnewsreporting.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегіне қарсылас іздей бастағанын хабарланған болатын. "Эдди Карл Фрочтың Головкинмен кездесуге нақты шешім қабылдамағанын, ұлыбританиялық боксшының өз бабына көңілі толмайтынын айтты. Сол себепті мен басқа қарсылас іздей бастаймын", - деді ол.