$ 442.05  474.14  4.74

Роналду «Ювентуске» қайшылап тепкен екінші голын тағы қайталады (ВИДЕО)

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду жаттығу кезінде осыдан бірнеше күн бұрын туриндік «Ювентус» қақпасына соққан керемет голын қайталады. Аталған сәттің видеосы «Реал» футбол клубының Instagram-парақшасына жүктелген.

Еске салайық, осы аптада өткен Еуропа Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Ювентус» пен «Реал» кездесіп, мадридтік клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екінші голды Криштиану Роналду допты өз басынан асырып, қайшылап тебу арқылы соққан еді.

Айта кету керек, португалдық шабуылшының осынау керемет голына қарсыластардың жанкүйерлері де разы болып, Роналдуға орындарынан тұрып қошемет көрсетті. Кейін футболшының өзі мұндай жылылықты италиялықтардан күтпегенін айтып, «Ювентустың» барлық жанкүйеріне рахмет айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары