$ 494.87  520.65  4.91

Астанада алыптар айқасы өтеді

Аралас жекпе-жектен ауыр салмақтағы жұлдыздар америкалық Кенни Гарнер мен ресейлік Сергей Харитонов Астанаға келді. Олар 3 шілдеде Елордада өтетін халықаралық «Номад айқасы» турнирде өзара мықты анықтайды.

Спортшылар шайқас алдында журналистермен кездесіп, қарсыластары жайлы пікірлерімен бөлісті. Айта кетейік, спортшылар бұған дейін де шаршы алаңда күш сынасқан. Былтыр Бейжіңде өткен турнирде америкалық боксшы жеңіске жетті. Ауыр салмақтағы қос жұлдыздың шайқасы 3 шілдеде «Қазақстан» спорт сарайында өтеді.  Сондай-ақ, дәрежелерін көтеру үшін қазақстандық бес спортшы шаршы алаңда жекпе-жек өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары