$ 442.05  474.14  4.74

Оңтүстік Кореяда он бірінші орыннан көріндік

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен жазғы универсиада ойындары біздің спортшылар үшін сәтті болды.

Қазақстан құрамасы алты алтын, төрт қола медальмен жалпы есепте 11-орыннан көрінді. Жалпы есепте 47 алтын, 32 күміс, 29 қола медальмен Оңтүстік Корея спортшылары көш бастады. 

Ал, Қазақстан жеңі атлетикадан төртеу, жүзу мен таэквондодан бір-бір алтын иеленді. Стенд атудан екі, дзю-до мен жүзуден бір-бір қола алды.

Жеңіл атлет Виктория Зябкина 100, 200 метрге жүгіруден және 4х100 метрлік эстафетада алтын алып, универсиаданың мультимедалистерінің қатарына енді. 

Енді келесі жазғы универсиада 2017 жылы Тайпейде өтетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары