24.06.2018, 11:19

КӘСІПҚОЙ БОКС: Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Бүгін Лос-Анджелес қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Хосе Обандоны айқын басымдықпен жеңді.

Соңғы алтыншы раундтың аяқталуына санаулы секундтар қалған сәтте рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені, Мейірімнің ауыр соққыларынан кейін Хосе Обандо қарсыласын ұру түгілі қорғануға да шамасы келмей қалған еді.

 

Айта кетейік, қазақ боксшысының жекпе-жегі Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінің бір бөлігі еді. Бұл күні шаршы алаңға бірінші орта салмақтағы тағы бір қазақ боксшысы Қанат Ислам да шығуы тиіс болатын. Алайда, жерлесіміз аяғын сындырып алып, кездесуден бас тартты.