22.07.2015, 03:47

Астана тағы бір спорттық ойын түрін өткізуге үміткер

astana-sport.kz

Астана қаласы 2020 жылы су спорты түрлерінен әлем чемпионатын өткізуге кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы халықаралық су спорты түрлері федерациясының атқарушы директоры Корнел Маркулескуге сілтеме жасап Skifnews.kz хабарлайды.

2020 жылы өтетін әлем чемпионатын өткізуге Астанадан бөлек Абу-Даби (БАӘ) мен Лима (Перу) қалалары үміткер.

Ал, таңдау бұл қалалардың қайсысына түсетіндігі бүгін анықталады.  Яғни, шілденің 22-інде Татарстан астанасы Қазанда өтетін дауыс беру нәтижесінің қорытындысында белгілі болады.

2015 жылғы су спорты түрлерінен әлем чемпионаты шілденің 25-і күні Қазанда басталады.