24.07.2015, 03:20

«Қайрат» Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне шықты

kaz.tengrinews.kz

«Қайрат» екі ойынның қорытындысы бойынша  «Алашкерттен» басым түсіп,  Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасына 1:2 есебімен ұтылды. Дегенмен  апта бұрын Алматыда  болған алғашқы кездесуде «Қайрат» 3:0 есебімен жеңген еді.

Енді жерлестеріміз Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Хорватияның «Риека» және Шотландияның «Абердин» командалары арасындағы бәсекенің жалпы есеп бойынша жеңімпазымен кездеседі.