27.07.2015, 03:31

Шүменов уақытша чемпион атанды

baq.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов америкалық Би Джей Флоресті жеңіп, WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта уақытша чемпион атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Лас-Вегаста өтті. Кездесу 12 раундқа созылды. Барлық судьялар жеңісті бірауыздан Бейбіт Шүменовке берді. Осыған дейін 31 жастағы қазақ боксшысының жарақат алуына байланысты 20 маусымға белгіленген жекпе-жек 25 шілдеге ауыстырылған еді. Айта кетейік, Шүменов кәсіби бокста 15 рет жеңіске қол жеткізді (10 КО) және екі рет жеңіліс тапты. Ал Флорестің қоржынында 31 жеңіс (20 КО), бір жеңіліс пен бір тең түсу бар.

Еске сала кетейік, ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Бейбіт Шүменов Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде мамыр айындаалғашқы ондыққа енді. Бейбіт Шүменов өткен жылдың желтоқсанында ауыр салмақта алғаш рет сынға түскен болатын. Кездесуде ол америкалық Бобби Томас кішіні жеңді. IBF жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы алтыншы орында.