$ 444.32  473.33  4.76

«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

«Астана» футбол командасы Чемпиондар лигасының іріктеу сынында финляндиялық ХИК командасымен өткен қарымта кездесуде 4:3 есебімен басым түсті.

Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті. Ойынның бірінші жартысы финляндиялық команданың басымдығымен аяқталған болатын. Қарсыластар тарапынан біздің қақпадан 4-інші минутта Осман Джаллоу саңылау тапса, 42-ші минутта Гидеон Баах есепті еселеген. Ал жауап ретінде бірінші кезеңнің соңғы сәтінде елордалық команда ойыншысы Патрик Твумаси жалғыз допты қонақтар қақпасына дарыта алған еді.

Екінші тайм басталысымен есепті Рохер Каньяс теңестірді - 2:2. Артынша Дмитрий Шомконың сол жақ қапталдан Кабанангке асырған добы голға айналды - 3:2. Бұдан кейін қарсылас ойыншысы Зенели пенальтиден тепкен добы «Астана» командасын қапыда қалдырды ма деген ой келген. Алайда Евгений Постников соңғы минутта есепті 4:3-ке жеткізіп, елордалық команданы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығарды. Жеңіс жерлестеріміздің еншісінде!

ҚазАқпарат

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары