Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Шотландияның Абердин қаласында Алматының «Қайраты» жергілікті командамен шеберлік байқасты.
Ойын барысында басымдылық алаң иелерінің жағында болғанымен, Владимир Вайсстың шәкірттері қорғанысты нық ұстап, оңтайы келгенде, қарсы шабуылдауға тырысты. Бұл тактика екінші таймда өз жемісін берді. 59-минутта «Абердин» қақпасының алдындағы қарбалас сәтті шебер пайдаланған «Қайраттың» мерген ойыншысы Жерар Гоу есеп ашты. Кездесу соңына таман шотландиялық команданың шабуылы үдей түсті. 84-минутта айып добын беру сәтінде Кенни Маклин қақпа бұрышын дәл көздеді. Соңғы секундтарда «Қайраттың» қақпашысы Владимир Плотников керемет шеберлік көрсетіп, қақпасын аман алып қалды. Сөйтіп тартысты ойын 1:1 есебімен аяқталып, екі кездесу қорытындысымен (Алматыдағы матчта алаң иелері 2:1 есебімен ұтқан болатын) «Қайрат» плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Еске сала кетейік, осының алдында «Астана» командасы Еуропа чемпиондары лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Сонымен, биыл қазақстандық командалар өз тарихында үздік табыстарына қол жеткізіп отыр.
ҚазАқпарат