$ 439.43  473.31  4.82

«Қайратқа» Францияның «Бордо» командасымен ойнайтын болды

Еуропа лигасының соңғы іріктеу раундына жеткен Алматының «Қайрат» командасының қарсыласы анықталды.

Бүгін Щвейцарияның Ньон қаласында еурокубоктың жеребе тастау рәсімі өтті. Вайсс жаттықтыратын «Қайратқа» Францияның «Бордо» командасы түсті.

Айта кетейік, «Бордо» Францияның 6 дүркін чемпионы. Команданы танымал футболшы болған Вилли Саньол жаттықтырады. Бұл команда сапында кезінде әлемнің үздік ойыншыларының бірі болған Зинедин Зидан өнер көрсеткен болатын. Ол 1992-1996 жылдар аралығында 139 (28) ойынға қатысқан.

Бірінші ойын 20 тамызда Францияда, қарымта матч 27 тамыз күні Алматыда өтеді.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары