25.08.2015, 04:54

Бүгін төрт дзюдошымыз медальға таласады

confederation.kz

Астанада өтіп жатқан дзю-додан әлем чемпионатында бүгін ерлер арасында - 66 килограмм, әйелдер арасында 52 килограмм салмақ дәрежесінің жүлдегерлері анықталады.

66 килограмм бойынша Қазақстан атынан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов пен биылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Елдос Жұмақанов кілемге шығады. Мұқанов алғашқы кездесуін франциялық Люик Корвальға қарсы өткізсе, Жұмақанов кипрлік Андреас Крассаспен белдеседі. 

Ал әйелдер арасында 52 килограмм салмақ дәрежесі бойынша қазақстандық Олеся Куценко алғашқы айналымда тунистік Хела Аяримен кездессе, Ленария Минғазова жеребе бойынша жарысты екінші кезеңнен бастайды. 

Астанадағы әлем чемпионатының бірінші күні 60 килограмм салмақ дәрежесі бойынша, қазақстандық Елдос Сметов пен Рустам Ибраев финалға шығып, Сметов - алтын, Ибраев - күміс медаль ұтқан. 

Әлем чемпионаты 30 тамыз күні аяқталады.

Азаттық радиосы