Спорт 02.12.2018 сағат 12:34  485

EURO-2020: Қазақстан құрамасы іріктеу ойындарында Бельгиямен және Ресеймен кездеседі

2020 жылы өтетін футболдан Еуропа біріншілігіне іріктеу ойындарының жеребе тарту рәсімі өтті. I тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы құрлық додасына қатысу үшін Бельгия, Шотландия, Ресей сынды азулы қарсыластарының алдын орауы тиіс.

EURO-2020: Қазақстан құрамасы іріктеу ойындарында Бельгиямен және Ресеймен кездеседі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Біздің ұлттық құраманың тобында Бельгия, Шотландия, Ресей, Кипр және Сан-Марино бар. Ал, өзге топтардың құрамы төмендегідей:

А тобы: Англия, Чехия, Болгария, Черногория, Косово

В тобы: Португалия, Украина, Сербия, Литва, Люксембург

С тобы: Нидерланды, Германия, Солтүстік Ирландия, Эстония, Белоруссия

D тобы: Швейцария, Дания, Ирландия, Грузия, Гибралтар

E тобы: Хорватия, Уэльс, Словакия, Венгрия, Әзірбайжан

F тобы: Испания, Швеция, Норвегия, Румыния, Фаррер аралдары, Мальта

G тобы: Польша, Аустрия, Израиль, Словения, Македония, Латвия

H тобы: Франция, Исландия, Түркия, Албания, Молдавия, Андорра

J тобы: Италия, Босния және Герцеговина, Финляндия, Грекия, Армения, Лихтенштейн.

Айта кетейік, 2020 жылғы Еуропа біріншілігі 12 елде өтеді. Жарыс бірнеше елде өткендіктен бұрынғыдай жарыс қожайындары турнирге жолдаманы тікелей ала алмайды. Барлығы 24 жолдаманың 20-сы осы іріктеу кезеңінде сарапқа салынса, қалған төртеуі қазір өтіп жатқан Ұлттар лигасы жарысының қорытындысы бойынша беріледі.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар