12.07.2014, 10:45

«Хапоэль» – «Астана» матчы Астанаға ауыстырылды

Сурет: sport.nur.kz

УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан «Астана» футбол командасы келесі кезеңнің бірінші ойынын өз алаңында бастайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Newtimes.kz» ақпарат агенттігінің жазуынша, Израильде орын алған қолайсыз жағдайға байланысты футбол матчы Астанаға ауыстырылып отыр.

«Жеребе тарту рәсімінде бірінші ойын Тель-Авивте өтетін болып шешілген еді. Алайда, ол елдегі қалыптасқан келеңсіз жағдайға байланысты УЕФА бұл кездесудің бірінші ойынын Астанаға ауыстыру туралы шешім шығарды» делінген «Астана» футбол клубы таратқан мәліметте.

Айта кетейік, астаналық команда «Хапоэль» футбол командасымен болатын екінші айналымның бірінші ойынын Израильде өткізуі тиіс болатын.