$ 448.15  483.46  4.86

Болат Назарбаевтың ұлына жаңа қызмет берілді

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев "Бәйге" федерациясының президенті боп сайланды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің өкілдері мәлімдеп отыр.

"Федерацияның президенті болып Нұрбол Болатұлы Назарбаев сайланды. 8 желтоқсан күні Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына кіретін "Бәйге" федерациясында ауыс-түйістер болды. Нұрбол Болатұлы федерацияның президенті болумен қатар, Қауымдастықтың вице-президенті болып тағайындалды", - делінген Спорт және дене шынықтыру комитеті таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Болат Назарбаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары