Катарда ауыр атлетикадан лицензиялық турнир мәресіне жетті. Соңғы жарыс күнінде зілтемір сахнасына шыққан Раушан Мешітханова күміс жүлде иеленді деп жазады Хабар-24.
Ол өз салмағынан әлдеқайда жоғары 87 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 215 келіні еңсерді. Раушан турнирде жеңімпаз атанған венгриялық спортшыдан бір келі ғана кем көтергенін айту керек.
Сондай-ақ жерлесіміз жұлқа көтеруде 100 келіні бағындырып алтын алса, серпе көтеруде 115 келімен күміс олжалады.