23.09.2015, 04:17

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды

kk.sport.gov.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Алматыдағы қосымша іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина құрамасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Осыдан бір апта бұрын Боснияда өткен алғашқы матчта да Қазақстан құрамасы 5:0 есебімен басым түскен еді. Екі матч қорытындысы бойынша 9:0 есебімен жеңген Қазақстан өз тарихында алғаш рет футзалдан Еуропа чемпионатына лицензия иеленді.

Еуропа чемпионатына құрлықтың үздік 12 құрамасы қатысады. Қазақстан құрамасын бірнеше жылдан бері бразилиялық маман Какау жаттықтырады. 

Азаттық