$ 448.15  483.46  4.86

The Ring сауалнамасы бойынша Головкин әлемнің ең үздік боксшысы атанды

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин The Ring-нің салмақ дәрежесіне тәуелсіз (Pound-for-Pound, P4P) әлемнің ең үздік боксшысы атағына дауыс беру кезінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Қазақстандық боксшыға 69071 адам немесе барлық дауыс берушілердің 72 пайызы дауыс берген. Екінші орынды 23505 дауыспен немесе 24 пайызбен никарагуалық Роман Гонсалес иеленді.

Осылайша, Геннадий Головкин Роман Гонсалесті 45566 дауыспен жеңіп, әлемнің ең үздік боксшысы атанды. Сондай-ақ үздік үштікке 1107 дауыспен филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары