Түркиялық футбол клубы ойыншыларының құны 123,25 миллион еуроны құрап отыр, деп жазады nur.kz.
Ал клубтың ең қымбат ойыншысы – 29 жастағы уругвайлық қақпашы Фернандо Муслера. Оның трансфер нарығындағы құны – 17 миллион еуро.
Бұл тізімнің екінші сатысында 15 миллион еуромен Голландия құрамасының ойыншысы Уэсли Снейдер тұр. Үшінші орын түрік футболшысы Бурак Йылмызға тиесілі (12 миллион еуро). Ал бүкіл «Астана» ойыншыларының құны 14,5 млн еуроны құрап отыр. Ең қымбат ойыншымыз – Фокси Кетевоама мен Неманья Максимович. Олардың әрқайсысының трансферлік бағасы 2 миллион еуродан.
Естеріңізге салайық, Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында еліміздің «Астана» футбол клубы қыркүйек айының 30-ы күні Түркиялық «Галатасараймен» кездеседі. Аталған матч Астана уақытымен 22:00-де «Астана-Арена» стадионында өтеді.