28.09.2015, 11:10

Сабина сатқын емес

Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сабина Алтынбекова жақында Жапонияның «GSS Sunbeam» клубына ауысқан еді.

Бұл тақырып әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Бірі «отанын сатып кетті» деп қаралады, бірі спортшының шыңдалуға бастаған қадамына сәт-сапар тіледі. Осыған байланысты бүгін спортшы «Инстаграмдағы» парақшасында өз пікірін білдіріп, сатқын емес екендігін дәлелдеді.

«Спортты түсінетіндер және түсінбейтіндерге айтарым бар. Клуб пен ұлттық құраманың айырмашылығы бар. Мені қолдаған барша жанкүйерлерге алғысым шексіз», – деп жазады Алтынбекова.