29.09.2015, 04:03

«Галатасарай» командасы Астанаға келді

Түркияның «Галатасарай» командасының футболшылары Астанаға келді.

Халықаралық әуежайдан «Галатасарай» футболшыларын көптеген түрік азаматтары қарсы алды деп хабарлайды түркиялық БАҚ.

Жанкүйерлерімен кездескен галатасарайлықтар қолтаңбаларын беріп, естелік суреттеріне түсті. Бұдан кейін футболшылар арнайы автобуспен қонақүйге жеткізілді.

Кешкісін түркиялық команданың бас жаттықтырушысы Хамза Хамзаоғлы шәкірттерінің алаңға тезірек үйренісуі үшін «Астана Аренаға» аттанды. Бұл алаңда ыстамбұлдықтар сәрсенбі күні болатын ойынның алдында екі жаттығуын өткізбек деп жазады Sports.kz.