$ 448.56  478.03  4.79

Әлем чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

15 қазанда Дохада (Катар) өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.

Биылғы әлем біріншілігіне  Олжас Саттібаев (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Василий Левит (91 кг) және Иван Дычко (+91 кг) барады.

Дохадағы жарыста Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама сарапқа салынады. Қазір Қазақстан боксшылары арасынан Біржан Жақып (49 кг), Берік Әбдірахманов (64 кг) және Василий Левит (91 кг) олимпиада лицензиясын иеленген.

2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан төрт алтын, екі күміс және екі қола алған.

Азаттық

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары