29.09.2015, 12:19

Бас бапкер: «Галатасарайдан» ұпай алуға тырысамыз»

Ертең «Астана» футбол клубы өз алаңында Түркияның «Галатасарай» командасын қабылдайды. Осыған байланысты бүгін «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов және қорғаушы Елдос Ахметовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Станимир Стойлов, «Астана» клубының бас бапкері:  

– Ертең «Астана» және Қазақстан футболы үшін тарихи күн. Менің шәкірттерімнің  бұл матчқа деген ынта-ықыластары 100 пайыздан жоғары. Егер олар өздерінің қолдарынан не келетінін көрсететін болса, ұпай алуға мүмкіндігіміз бар. «Галатасарай» бұл кездесудің фавориті. Бірақ егер біз өз мүмкіндігімізді жүзеге асыратын болсақ, нәтиже болады. 

– «Галатасарайдың» осал тұсың таптыңыз ба?

– Өзіндік ойын өрнегі бар мықты команда. Бірақ біз өз мүмкіндігімізді іздейміз.

– «Астананың» жасанды алаңда ойнайтыны әрі қарсыластың ұзақ жолдан шаршап келуі команда үшін басымдық болып табылады ма?

– Бізде Еуропаның әрбір бұрышына барып ойнап жүрміз. Менде «Ботевпен» осында келгенде, жасанды алаңда алғаш рет ойнадық. Алайда сол кездесуде жеңіске жеткен болатынбыз. Мәселе мұндай емес.

– Түркиялық жанкүйерлер «Галатасарай» мен «Бенфиканы» екінші орынға таласады деп отыр. Сіз бұған келісесіз бе?

– Менде солай ойлаймын. Бұл сұрақтың нақты жауапты ертеңгі ойыннан кейін белгілі болады.

– Бурак Йылмаздың ойнамауы «Астана» үшін пайдалы ма?

– Ол жақсы шабуылшы. Алайда «Галатасарайдың» сапында Буракты жоқтатпайтын ойыншылар өте көп. Сондықтан түрік командасы үшін бұл жағдай аса қатты мәселе бола қоймас. 

– Жарақат алған ойыншылар бар ма?

– Барлығы ертеңгі матчқа сақадай-сай. Тек дискваликациясы бар Патрик Твумаси ғана кездесуге қатыса алмайды.

Айта кетейік, бұл ойынды «ТАҢ» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ойынның басталу уақыты – 22:00 (Астана уақыты бойынша).

Baq.kz