30.09.2015, 05:46

Америка спортшысы өзінің 700-ші жеңісіне қол жеткізді

Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA Wuhan Open жарысының екінші айналымындағы ойында АҚШ теннисшісі Винус Уильямс неміс спортшысы Юлия Гергесті жеңді, деп хабарлайды today.kz.

Аталмыш ойында Винус Уильямстың пайдасына 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.

Теннистен әйелдер қауымдастығының (WTA) сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, АҚШ теннисшісі Уильямс үшін бұл оның мансабындағы 700-ші жеңісі екен. Ол мұндай жетістікке жете алған оныншы теннисші әйел атанды.

Сондай-ақ, Ухань қаласындағы жарыстың жүлде қоры 2 млн 212,250 мың АҚШ долларын құрайды.