01.10.2015, 03:19

Головкин: Лемьенің соққыларына дайынмын

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF чемпионы Давид Лемье соққыларына дайын болатынын мәлімдеді, деп хабарлады sports.kz.

«Оның жекпе-жектерін көрдім. Оның соққыларының қаншалықты мықты екенін білемін, сондықтан оған дайын боламын. Тәжірибем маған көмектеседі деп ойлаймын. Өйткені мықты қарсыластармен кездескенмін, не істеу керек екенін түсінемін. Шабуыл жасау үшін сәтті және ара-қашықтықты қалай пайдалану керектігін, оның соққыларына түспес үшін қандай амалдарға бару қажет екенін білемін», – деген Головкиннің сөздерін Boxing Scene келтірді.

Айта кетейік, Головкин мен Лемье 17 қазанда Нью-Йоркте күш сынасады.