Спорт 27.01.2019 сағат 04:30  457

БОКС: Садриддин Ахмедов жастар арасында WBC чемпионы атанды (ВИДЕО)

Әуесқой бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанып үлгерген қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы жолын да сәтті жалғастырып келеді. Бүгін Канадада ол мексикалық Абрахам Хуаресті жеңіп, кәсіпқой бокстан WBC нұсқасы бойынша жастар арасында чемпион атағына ие болды.

БОКС: Садриддин Ахмедов жастар арасында WBC чемпионы атанды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл Садриддиннің кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегі және оның бәрінде қазақ боксшысы нокаутпен жеңіске жеткен. Бүгінгі 10 раундқа жоспарланған кездесуді де небәрі ол төртінші раундта аяқтады. Оның қарсыласы екі рет нокдаун алғаннан кейін рефери жекпе-жекті тоөтатуға мәжбүр болды.

Садриддин Ахмедов қазіргі таңда Канадада Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен бірге жұмыс істеп жатыр. 2016 жылы ол әуесқой бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар