Спорт 21.02.2019 сағат 12:11

Геннадий Головкин чемпиондық белбеулерін қайтару ойынан айныды

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) белбеулерді біріктіру мақсатынан айныды. Бұл туралы BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында боксшының бапкері Абель Санчес мәлімдеді.

Геннадий Головкин чемпиондық белбеулерін қайтару ойынан айныды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Карьераның қазіргі уақытында төрт белбеуді жинауға тырысу мүмкін емес. Бірақ өткізетін жақсы жекпе-жектер әлі көп. Халық тамашалығысы келетін жақсы текетірестер бар. Кіммен жұдырықтасқысы келетінін шешкен кезде бұл туралы бірден хабарланады. 

Кімді таңдайтынын айту қиын, ол барлық мүмкіндіктерді қарап жатыр. Қалпына келіп, уақытын отбасымен өткізуде. Алдағы бір-екі аптада шешім қабылдайды деген үміттемін. Ол шешімнің өзі, отбасы мен спорт үшін ең ұтымды екенін түсіну керек», - дейді Санчес.

Айта кетейік, Головкин дивизиондағы барлық белбеулерді біріктіруді мақсат тұтқан. Абсолют чемпион атану үшін оған WBO белбеуі ғана қажет еді.

Дереккөз: Vesti.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар