Фристайлдан Жапонияда өтіп жатқан әлем кубогінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева үшінші орын үшін өтетін кіші финалда өнер көрсетуден бас тартты. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің сайтында хабарланған.
"Юлияның жағдайы жақсы, ол ешқандай жарақат алған жоқ. Біз төрешілердің шешімімен келіспегендіктен, наразылық ретінде жарысты әрі қарай жалғастырудан бас тарттық", - деді ұлттық құраманың бас бапкері Елена Круглыхина.
Айта кетейік, кіші финалда Галышева қола медаль үшін австралиялық Энтони Джакарамен жарысуы керек болатын. Алайда, ол жарысты жалғастырмайтынын мәлімдеді. Нәтижесінде, Джакара турнирдің қола медалін иеленсе, жерлесіміз төртінші орынға тұрақтады.