16.10.2015, 03:53

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан қос күміспен қайтты

24.kz

Бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен Иван Дичко күмісті қанағат тұтты.

Команда капитаны Данияр Елеусінов морокколық Мохаммед Рабиимен кездесті. Дохадағы біріншіліктің ақтық сынында жұлдызды салмағымыз 69 келінің өкілі әрі команда капитаны Данияр қарсыласы морокколық Мохаммед Рабииге есе жіберсе, +91 келінің өкілі Иван Дычко француз Тони Йокадан жеңіліп қалды. Естеріңізде болса, Елеусінов бұған дейін Алматыда өткен әлем біріншілігінде жеңіске жеткен. Осы жолы кеткен еселерін қазақ батырлары Бразилияда өтетін олимпиада ойындарында қайтарады деп сенеміз.