26.10.2015, 11:37

«Астана» - «Атлетико» ойынына 17 мың билет сатылды

3 қараша күні «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Испанияның «Атлетико» командасын қабылдайды. Қазіргі кезде 17 мыңнан астам билет сатылған, деп хабарлайды «Астана» ФК-ның баспасөз қызметінен.

Әзірге билеттер тек онлайн-режимде сатылып жүргенін атап өту керек. Билетті сатып алу үшін ұялы телефон, планшет немесе компьютерді пайдалану жеткілікті. «Билеттерді сатып алу» түймешесін www.ticketon.kz,www.sports.kz, www.vesti.kz сайттарынан тауып алуға болады.

Билеттерді онлайн-режим арқылы сатып алып, жанкүйер бірегей QR-коды бар электрондық билет алады. Кейіннен бұл код бойынша үш сату орнының (Мега-орталық, «Қазақстан» СК, Конгресс-Холл) бірінен Чемпиондар лигасының ойынына билетті бастырып шығаруға болады.

Ойынның басталуы - сағат 21:00-де. Қала әкімдігі жанкүйерлердің автобустармен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Ойын аяқталған соң, осы автобустар адамдарды қалаға апарады.

Астана уақытымен сағат 18:00-де автобустар жанкүйерлерді келесі мекенжайларда күтетін болады:

«Қазақстан» СК. Мұнайтпасов атындағы стадион. «Нұр-Астана» мешіті. Салтанат сарайы.