Спорт 11.04.2019 сағат 05:54

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан болады?

Бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам алдағы жоспарларымен бөлісті деп жазады ҚазАқпарат.

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан болады?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Өткен жылы маңызды айқас алдында аяғымды жарақаттап алып, жекпе-жек кейінге қалғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Содан бері ем-дом қабылдадым. Ұзақ үзіліс болды. Жанкүйерлерім де менің айқасымды сағынып қалғаны анық.  Қазір Аллаға шүкір, денсаулығым қалпына келе бастады. Содан мен де Алматыдағы AIBA бокс академиясында жайлап жаттығуымды бастап кеттім», - деп бастады Қанат Ислам әңгімесін. 

«Жекпе-жек қашан?» деген тілші сауалына ол:  

«Жақында белгілі болады. Негізі, осыған дейінгі жоспарым - елорда күніне орай бас қаламызда бір айқас өткізем деп ойлағам. Бұйырса, оның алдында АҚШ-та бір кездесу болуы мүмкін. Осыдан бірер күн бұрын АҚШ-тағы промоутер Эгис Климаспен сөйлестік, ол Америкада жекпе-жек ұйымдастыруға мүмкіндіктер қарастырып жатыр. Ол жақын арада сол жақтағы жұмыстарды нақтылап, бізге жауабын береді. Тағы бір қолға алып жатқан ісіміз - америкалық жаңа бапкермен сөйлесіп жатырмыз. Оның есімі көпке таныс - жартылай салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Роберто Гарсия. Бұл бапкермен тіл табысып жатсақ, ары қарай жекпе-жектер жалғасатын болады», - деп жауап берді. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар