Спорт 17.04.2019 сағат 03:36

«Шаршы алаңға оралатыныма қуаныштымын». Геннадий Головкин қарсыласының есімін жария етті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) BoxingScene тілшісі Кевин Айолға берген сұхбатында канадалық боксшы Стив Роллспен  (19-0, 10 КО) жұдырықтасатынын айтты деп хабарлайды vesti.kz.

«Шаршы алаңға оралатыныма қуаныштымын». Геннадий Головкин қарсыласының есімін жария етті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йоркта Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар 164 фунтқа дейінгі салмақта кездеседі.

Головкин үшін  Роллсқа қарсы жекпе-жек DAZN стримингтік компаниясымен үш жылдық келісімшарт бойынша бірінші кездесу болмақ.

«Шаршы алаңға оралатыныма өте қуаныштымын. Мен боксты жақсы көремін және Стив Роллспен жекпе-жегімді тамашалайтындарға бар өнерімді көрсетуге уәде беремін», - деді Головкин.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар