Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) BoxingScene тілшісі Кевин Айолға берген сұхбатында канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жұдырықтасатынын айтты деп хабарлайды vesti.kz.
Жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йоркта Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар 164 фунтқа дейінгі салмақта кездеседі.
Головкин үшін Роллсқа қарсы жекпе-жек DAZN стримингтік компаниясымен үш жылдық келісімшарт бойынша бірінші кездесу болмақ.
«Шаршы алаңға оралатыныма өте қуаныштымын. Мен боксты жақсы көремін және Стив Роллспен жекпе-жегімді тамашалайтындарға бар өнерімді көрсетуге уәде беремін», - деді Головкин.